USTAZ PRO

Егер мектебіңіз карантинге жабылса…

Әрине, ондай оқиғаның болмағаны жақсы. Бірақ сақтықта қорлық жоқ: әр жағдайға дайын болған дұрыс.Басты мәселе — балаларды оқу үдерісінен үзбеу шарт. Егер карантин бола қалса, оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін мұғалім орындауы тиіс 5 қадамды ұсынамыз.

Ноутбук, смартфон және интернет

Бұл құралғылардың болуы шарт. Өзіңіздікі болмаса да, мектепте болуы қажет.
Edmodo (http://edmodo.com) немесе Google Classroom(http://classroom.google.com) платформаларына тіркеліңіз.

Оқушыларыңызды виртуалды сыныпқа жинаңыз.

Оқушылармен байланыс орнату, онлайн тест құру, үй тапсырмасын беру және тексеру, оқушыларды бағалау және кері байланыс беру;
тіпті ата-аналардың да оқу опроцесінен хабардар болуын осы алаңдарда басқара аласыз.

Онлайн сабақ жүргізіп үйреніңіз.

Сабақты алдын-ала түсіріп Youtube тәрізді каналдар арқылы оқушылармен бөлісе аласыз. Сондай-ақ, вебинар форматында тікелей эфирге қосылуға болады.
Ол үшін ең ыңғайлы Skype немесе Zoom (http://zoom.us) қосымшаларын ұсына аламыз.

Сандық білім беру қорларымен танысып шығыңыз.

Мектеп бағдарламасын қамтитын ақылы негізде Bilimland (https://bilimland.kz/k) және iMektep (https://imektep.kz/kz) ресурстарын, ақысыз Opiq (https://www.opiq.kz/Search/Kits) ресурстарын қолдануға болады.
Бұл сайттардан дайын видеосабақтар, тыңдалым материалдары мен интерактивті тапсырмалар түрін табуға болады.
Егер оқушыларыңыз шет тілін білсе, Khan academy (https://www.khanacademy.org/) онлайн оқудың әлем бойынша озық алаңын таңдай алады.

Сандық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Егер аталған құралдармен бұрын жұмыс істемеген болсаңыз, бірден уайымдамаудың қажеті жоқ! Youtube-тің іздеу жолағына құралдың/сайттың атауын енгізсеңіз, түсіндірме роликтер толып тұр.
Немесе алысқа ұзамай, Опыт Тичера каналын тауып алсаңыз, тренерлер бәрін жалпақ тілмен-ақ түсіндіріп береді. Дайын нұсқаулық видеосабақтары да қолжетімді.
­
Іске сәт, әріптестер!

Достармен бөлісу
Поделиться в telegram
Поделиться в facebook
Поделиться в whatsapp
Поделиться в twitter
Поделиться в vk