👂 Жалған ақпарат қазір вирустан жылдам таралады. Әсіресе мессенджерлерде ойдан шығарылған хабарлама бірнеше чатта көшіріліп, бір сәтте қаншама қолданушының телефонына кеп түседі. Медиада мұны фейк (fake) деп атайды. Ал ақпараттың дұрыстығын тексеру — фактчекинг.
Жалған ақпараттың біздің өмірімізге, қызметіміз бен қоғамдағы орынымызға әсері қандай? Алаңдайтын мәселенің бірі осы.
⠀
🗣 Жалған ақпаратты шындықтан ажырата білудің пайдалары:
⠀
📌 Уақытыңызды үнемдейсіз.
📌 Алаяқтарға алданбайсыз.
📌 Ойдан шығарылған оқиғаларға сеніп, босқа алаңдамайсыз.
📌 Манипуляцияға еріп, асығыс шешімге бармайсыз.
📌 Бастысы, ой-санаңызды қажетсіз қоқыстан таза ұстайсыз.
⠀
👂 Жалған ақпаратты анықтау қиын емес. Кез келген жағдайда алдымен суық санамен ойланып, сіздің эмоцияңызға манипуляция жасауға мүмкіндік бермеу керек.
⠀
🗣 Қымбатты ұстаздар, сіздер жалған ақпаратты таратпауға және оның таралмауына ықпал ете аласыздар! Қолдан келгенше ашық дереккөзден тәуелсіз ақпаратты тұтынуға ұмтылайық.
⠀
Жаңа ақпаратты сіз қалай тексересіз?