USTAZ PRO

Идеяны қайдан аламыз?

Оқушының сабақ соңындағы ризашылығы — мұғалім үшін ең үлкен ләззат. Ал ондай қорытынды шығармашылық ізденіс пен күшті талап етеді. Ізденісіңізді жеңілдету үшін назарларыңызға мұғалімге пайдалы инста-парақшалар тізімін құрастырдық.


@proactive.teacher
Парақшаға кірмес бұрын қалам мен қағазыңызды дайындап қойыңыз. Мәліметтер соңына ілесе алмай қалуыңыз мүмкін. Аяш ханым ағылшын тілі пәні мұғалімі болса да беретін кеңестері мен ұсыныстары барлық пән мұғалімдеріне пайдалы.


@madinalingua
Мадина білім саласы, бала тәрбиесі туралы өз ойларымен бөліседі. IELTS-ты түсінікті әрі қарапайым тілмен түсіндіреді. ОқыSay кітап оқу кездесулерін жүргізеді.


@miss_polina_k
Егер білім саласына қатысты соңғы жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе, кәсіби және тұлғалық жағынан үздіксіз даму үстінде болғыңыз келсе — бұл сізге таптырмас парақша.

@geek_teachers
Бұл топ жасампаз, жаңашыл және жас мұғалімдерден құралған. Парақшадан сандық сауаттылықтан бастап сыныбыңыздың дизайнына дейін түрлі тың идеялар таба аласыз.


@teacher_pbl_school
Фархад білім жүйесі туралы жазады. Өзінің практикада қолданған жаңа оқыту әдістерімен бөліседі.


@teacher_for_kids
Бастауыш сыныптарына байланысты қызықты мәліметтерді осы парақшадан табуға болады.


Бұл тізімді бірге толықтырайық! Сізді шабыттандыратын инста парақшаларда бізді белгілеуді ұмытпаңыз!

Достармен бөлісу