Кибербуллинг: интернеттегі қысымға қалай төтеп беру керек?
Жасөспірімдер арасында интернет қолданушылар артқан сайын буллинг те интернетке ауысты. Күнделікті жанжалдар мен қақтығыстар ортақ чатта да жалғасып, кибербуллингке ұласып жатыр. Қысым көрсетушілер мен алаяқтар жай фотоның өзін түрлендіріп, басқа мақсатқа пайдалана алады. Одан өзге ата-аналардың, балалардың желіде жариялаған ақпаратын пайдаланып, түрлі жағдайда қорқытып, бопсалауы да мүмкін.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін үлкендер саналы түрде шешім қабылдауы керек. Баланың көпшілігі өзі біреуден қысым көріп, басқаға да агрессия төндіріп жатады. Сондықтан ата-ана, мұғалім оларға онлайндағы әрекеттің өмірде күрделі психологиялық қиындықтарға соқтыратынын түсіндіруі керек.
- Бала өмірдегі әдеп нормалары интертенетте де сақталатынын білуі қажет.
- Ата-аналар әртүрлі сандық бағдарламалармен баланың интернеттегі өмірін бақылауға алғаны жөн. Бұл бағдарламалар қауіпті контентті бұғаттауға және баланың рұқсат етілген сайттарға ғана кіруіне мүмкіндік береді.
- Сонымен қатар баладан қандай да бір әлеуметтік желіде не себепті отыратынын сұрап, қолдану уақытын өзімен ақылдассаңыз, сенімділігі артады.
Өршіген мәселені шешу жолында қоғам болып атсалысу керек. Қазір елімізде жасөспірімдерді интернет шабуылынан қорғайтын жобаның бағдарламасы дайындалып жатыр. Ал safekaznet.kz сайтына шағым түсірсеңіз, мамандар күдікті ақпараттың заңдылығын тексереді. Егер контенттің адам құқығына нұқсан келтіретіні расталса, оны бұғаттайды.
Кибербуллинг/булинг туралы хабардар болған сәттен-ақ үнсіз қалмаңыз! Сіздің әрекетіңіз бір адамның өзіне сенімін нығайтуы мүмкін.
Оқушыларға арналған қауіпсіз интернет қағидалары
Интернет — ақпарат ағыны толассыз виртуал әлем. Ол оқушының пайдалы да қызық ақпарат іздеуіне өте қолайлы. Алайда интернеттегі орынсыз контент пен күтпеген жағдайлардан да қорғана білу керек. Әсіресе қашықтан оқу кезінде оқушыларға осыны үйреткен жөн.
Қалай? 🤷♀️🤷♂️
Мына қарапайым қағидаларды есте сақтаңыз:
🙅♂️ Күдікті, бұрын қолданбаған сайтқа, бағдарламаға тіркелерде жаңа шыққан жазуларды оқымай тұрып, «ок», «далее», «Подписаться» батырмаларын баспаңыз. Ақпаратты сақтау шарттарымен танысып шығыңыз.
🙅♀️ Бейтаныс қолданушы жіберген файлдарды жүктемеуге тырысыңыз. Өзіңіз де әртүрлі конкурс, ойындарға қатысқанда, ән жүктеу үшін жеке нөмір, сурет немесе адресті жібермес бұрын үлкендермен ақылдасыңыз. Интернеттегі екінші тарапқа сіз туралы оңай ақпарат жинауға көмектеспеңіз.
🙋♂️ Логин, пароль және жеке ақпараттарыңызды хабарламада, әлеуметтік желіде жарияламаңыз. Бұл деректерге үйдің кілті сияқты ұқыпты қарау керек.
🙋♀️ Кез келген күдікті жағдайда алдымен ата-анаңыздың көмегіне жүгініңіз. Егер ол мүмкін болмаса, әр бағдарламаның соңында Служба поддержки деген функциясына хабар беріңіз.
🙋♂️ Түрлі чаттарда, сайттарда дөрекі, тәрбиесіз қолданушыларды кездестірген шығарсыз. Әдетте олардың суреті жасырылған, өзі туралы ақпарат өтірік болып келеді. Сондықтан оның артында кім тығылғаны бізге белгісіз. Сізге тіл тигізу мақсатында жазылған хабарламаларға жауап бермеген дұрыс, олар сізді ашуландырып, қызықтауды ғана көздейді. Ал қорқыта бастаса, үнсіз қалмаңыз: бірден үлкендерге хабар беріңіз.⠀
🙋♀️ Интернеттегі ыңғайсыз жағдай өзіңізге ғана емес, жақындарыңыз бен туыстарыңызға да қауіп төндіретінін ұмытпау керек. Сондықтан, жоғарыдағы сақтық шараларын оқушыларға түсіндіріңіз және әріптестеріңізбен бөлісіңіз.
Мұғалімдерге арналған қауіпсіз интернет қағидалары
✅ Кез келген интернетпен байланысты сайт немесе бағдарламаларда «политика конфедециальности» деген болады. Яғни сіз енгізген ақпаратты сақтау шарттары. Пайдаланушы осы ақпаратпен танысып барып тіркелуі тиіс.
✅ Өз логин, пароліңізді ешкімге жазбау және бір парольді бірнеше жерде пайдаланбау сияқты қарапайым қағидаларды сақтау керек.
‼️ Оқушыларыңыздың суретін, жеке ақпаратын олардың (ата-анасы) рұқсатынсыз желіде жарияламаңыз. Бұл заңға да, этика нормасына да қайшы келеді.
✅ Ұжымдық аккаунтқа, басқа да сайттарға өзге құрылғыдан қосылсаңыз, браузерді өшірмей тұрып, өз аккаунтыңыздан «выйти» батырмасы арқылы шығу керек. Мүмкін болса, браузер тарихын да өшіре салыңыз.
✅ Лицензиялы бағдарламалар мен сенімді дереккөзден алынған ақпаратты ғана пайдаланыңыз.
‼️ Тегін ақпарат үшін күдікті сайттарға тіркелмеңіз, бағдарламаларды жүктемеңіз.
Қазіргі ақпарат ағыны өте жылдам кезеңде таралған жаңалықтар біреудің мүддесі үшін қолданылуы мүмкін. Бастысы ақпараттың шын/өтірігіне көз жеткізуді ұмытпаңыздар.