USTAZ PRO

Медиасауатымызды тағы да қалай арттыра аламыз?

📌 Құрметті ұстаздар, сіздер үшін осы тақырыптағы ТЕГІН онлайн курстары бар сайттарды топтастырдық.

🌐 https://factcheck.academy/

Курс жаңалықтар мен ақпаратты тексерудің ең танымал жолдарын үйретеді. Сәтті аяқтасаңыз, пропаганданы бірден байқап, ашық ақпараттың шын-өтірігін ажырата бастайсыз. Курстың бейнесабақтарын көріп, тест өткеннен кейін кез-келген ақпаратты өзіңіз зерттеп, фактчек жасай аласыз.

🌐 https://www.mediasabak.org/ru/

Медиасабак сайтының курстары жас ерекшелігі ескеріліп дайындалған. Бес жасар баладан бастап ерексектер де оңай оқи алады. 2-3 минуттық роликтер медианың адам ойына, оның таңдауына қалай әсер ететінін түсіндіреді. Курс соңында тест тапсырып, медиасауттылық деңгейіңізді біле аласыз.

🌐 https://digitalresource.center/course-pack

Курс жаңалық мазмұнына анализ жасап, деректі дұрыс тексеруді үйретеді. Сайтта осы тақырыптағы 13 сабақтың материалдары жарияланған. Сілтемеге өту арқылы ағылшын тіліндегі оқу материалдары, дәрістер мен PowerPoint презентациясына қол жеткізесіз.

📌 Ақпараттың ақ-қарасын ажыратуға дайын болсаңыз, іске көшейік! Өзіңізге ыңғайлы курсты таңдап, медиасауатыңызды шыңдаңыз.

🗣 Постты сақтап, әріптестеріңізбен бөлісуді ұмытпаңыздар.

Достармен бөлісу