Джонатан Кэсси
Тәжірибелі педагог Джонатан Кэсси бейнелі және практикалық кітабында К-12 білім беру жүйесінде ойын әдісін – жаңалыққа бағыттайтын әдіс ретінде қарастырады. Ойындар табандылықты шабыттандыру қабілетімен танымал. Үздіктер ұзақ мерзімді салдары, тәжірибелік марапаттары бар, ойыншылардың пікірлес қауымдастығын қамтамасыз ететін және сәтсіздіктерді жазалап, тәуекелге баратын әрекеттерді ұсынатын мазмұнды таңдауды ұсынады. Ойыншылар алдында тұрған тапсырмаларға жауапкершілігін түсінеді, бірақ ол тапсырмаларды орындауға қиындық сезінбейді.
Ойынмен сабақтастырылған сабақ осы белгілермен сәйкес келеді. Ол жоспарда айқын көрінеді және табандылыққа, креативтілікке және икемділікке тәрбиелейді. Оқушылар білімді тәжірибе арқылы қалыптастырады, содан кейін білгендерін одан әрі тереңірек түсіну деңгейіне жетуге ықпал етеді. Бұл кітапта Кэсси келесілерді қамтиды:
- Сабаққа ойын кіріктірілгенде оқушылардың оқу деңгейі қандай болады.
- Неліктен сіз оқушыларыңзға нұсқаулық жасауды қалауыңыз мүмкін.
- Сіздің сыныпқа және сабағыңызға ойынды кіріктіру процесі.
Егер сіз оқушыларыңыздың оқуға деген қызығушылығын және ынтасын көргіңіз келсе, Джонатан Кэссидің саяхатына қосылыңыз, ол сіздің оқыту әдістеріңізге идеялар мен практикалардың жаңа жиынтығын ұсынады. Білім алатын оқушыларыныңздың және сіздің сыныбыңыз — ХХІ ғасырда білім берудің жаңа шегі. Ал Сіз осы жаңалықтарды қабылдайсыз ба?