USTAZ PRO

teaching

Идеяны қайдан аламыз?

Оқушының сабақ соңындағы ризашылығы — мұғалім үшін ең үлкен ләззат. Ал ондай қорытынды шығармашылық ізденіс пен күшті талап етеді. Ізденісіңізді жеңілдету үшін назарларыңызға мұғалімге пайдалы инста-парақшалар тізімін құрастырдық.

Оқыт. Ойлан. Үйрен.

Мұғалім ретінде сіз оқушыларыңыздың өміріне оң өзгеріс енгізу үшін көп жұмыс жасайсыз. Бірақ мұндай прогресс бірден және кездейсоқ пайда болмайды. Бұл арнайы жоспарлау, күш салу және көп ойланып әрекет етудің нәтижесі.