USTAZ PRO

USTAZ Lingua жайлы

USTAZ Lingua әр түрлі білім саласындағы қызметкерлерге ағылшын тілін үйретумен айналысады. Қазіргі таңда курстарымыздан 15000-ға жуық мұғалім өтті. Аудитория және қашықтан оқыту бойынша жергілікті әрі халықаралық тәжірибемізге сүйеніп қызмет көрсетеміз.

+ 0
Мұғалім оқытылды
0
Жыл
Курстар
Effective Teaching Skills — English
  • Заманауи интербелсенді оқыту әдіс-тәсілдерін меңгерту арқылы барлық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыретін дамытады. 
  • Ағылшын тілі пәні мамандарына тілдік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) тиімді меңгертудің әдіс-тәсілдерін кеңінен меңгереді. 
  • Оқушылардың теориялық білімін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру жолын үйренеді.
Teaching Young Learners — English

«Teaching Young Learners» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсы — бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың озық технологияларын меңгертуге және оларды курс барысында қолдану арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған. Курс барысында мұғалімдерге кәсіби дағдылары мен оқыту әдістерін қайта қарастыруға, бағалауға және дамытуға мүмкіндік беріледі.

English for Teachers

Қазіргі таңда ағылшын тілі әлем тіліне айналғандықтан, тілді меңгеру жеке дамуымыздың басым бағыттарының бірі. Ағылшын тілі сіздің болашақта кәсіби және академиялық тұрғыдан әлемдік ресурстарға қол жеткізуге жол ашады.

“General English” курсымыз сіздің ағылшын тілі біліктілігіңізді жаңа деңгейге көтеруге арналған. Кәсіби мамандарымыз дайындаған курс бағдарламасы бастапқы деңгейден бастап ілгері деңгейге дейін қысқа мерзімде жеткізуге негізделген.

READING CLUB

Ағылшын тілін үйренуде кітап оқудың өзектілігін ескере отырып USTAZ Lingua ағылшын тілінде кітап оқуды дамытудың жаңа жобасын ұсынады. Бұл жоба арнайы даярланған Raz-Plus платформасы арқылы жүзеге асады. Платформада 3000-нан астам деңгейлік кітаптар мен 50000 шамасы пайдалы ресурстар бар. Аталмыш платформа 7/24 қолжетімді интерактивті онлайн кітапхана. 

Оқыту платформасында кітаптардың 29 түрлі деңгейі қарастырылған. Үйренушіге тілдік  деңгейіне сай кітапты таңдау еркіндігі беріледі. Бұл тілді тез әрі тиімді үйренуге деген үлкен мүмкіндік.