Луз Сантана, Дэн Ротштейн және Агнес Бейн
Мектеп пен отбасының барлық оқушылар игілігі үшін бірлесе жұмыс істеуін қалай оңтайландыруға болады? Кітап оқытушылар мен ата-аналар, сондай-ақ тәрбиешілердің сенімді серіктестікті құруға ықпал ететін айрықша тұстарын қарастырудан басталады.
Дұрыс сұрақтар қою үшін ата-аналармен дұрыс серіктестік қарым-қатынас орнату: Луз Сантана, Дэн Ротштайн және Агнес Бейн «Дұрыс сұрақ» институтының оқытушылары ата-аналармен, әсіресе, әдетте белсенді түрде мектеп өміріне ат салыспайтын ата-аналармен тиімді серіктестік құрудың қарапайым тәсілін ұсынады. Кітап мазмұны азаматтық белсенділіктің күрделі, маңызды идеяларын оңай үйренуге болатын процестерге бағыттайды, бұл ата-аналарға балаларының білім алуына қолдау көрсетуге, олардың үлгерімін бақылауға және оларды қорғауға пайдаланылатын екі негізгі дағдыны үйретеді: дұрыс сұрақтар қою және негізгі шешім қабылдау сәттерінде балаға көмектесу.
Табысы төмен және орташа деңгейлі қоғамдастықтың жиырма жылдан астам жұмысына және зерттеулеріне сүйене отырып, бұл кітап шамадан тыс жүктемесі бар және жеткілікті деңгейде ресурстармен қамтылмаған мұғалімдер мен ата-аналарға бірлесіп жұмыс істеп, оқушылардың табысты болуына, яғни олардың ортақ мақсатқа жетуіне мүмкіндік береді.
Бұл анықтамалық нұсқаулыққа K-12 сабақты қамтитын кейс-стади кіреді, сонымен қатар оқу барысында қиындыққа тап болған оқушыларға пайдалы болады, ЖОБ-на негізделіп, ағылшын тілін үйренушілердің отбасыларымен қарым-қатынас жасау жолдары қарастырылған. Қол жетімді және қолдануға ыңғайлы формат, тәжірибелік кеңестер және сол кеңестерді тәжірибе жүзінде іске асырған мектептерден алынған мысалдар — бұл кітапты сынып деңгейінен бастап, тіпті білім бөлімінде де қолдануға арналған құнды құрал етеді.