USTAZ PRO

learning

Мақсатқа бағытталған сынып: Оқу мақсаттарын қалай сабақтастыруға болады.

Мұғалімдер оқушыларына шын мәнінде қажет білімді беріп жатқандығына қалай сенімді бола алады? Дуглас Фишер және Нэнси Фрейдің «Мақсатқа бағытталған сынып: Оқу мақсаттарын қалай сабақтастыруға болады» әдістемелік құралы барлық деңгейдегі мұғалімдер оқушылардың әр сабақтың мақсатын нақты түсінуін қамтамасыз ету үшін қолдана алатын түрлі стратегияларды ұсынады.

Оқыт. Ойлан. Үйрен.

Мұғалім ретінде сіз оқушыларыңыздың өміріне оң өзгеріс енгізу үшін көп жұмыс жасайсыз. Бірақ мұндай прогресс бірден және кездейсоқ пайда болмайды. Бұл арнайы жоспарлау, күш салу және көп ойланып әрекет етудің нәтижесі.