USTAZ PRO

Оқыт. Ойлан. Үйрен.

Пит Холл және Алиса Симерал

Мұғалім ретінде сіз оқушыларыңыздың өміріне оң өзгеріс енгізу үшін көп жұмыс жасайсыз. Бірақ мұндай прогресс бірден және кездейсоқ пайда болмайды. Бұл арнайы жоспарлау, күш салу және көп ойланып әрекет етудің нәтижесі.

Дағдыны меңгерудің және оны тиімді жүзеге асырудың арасындағы айырмашылық сіздің осы шеберлік туралы терең, үздіксіз ойлау қабілетіңізге байланысты болады. Басқаша айтқанда, неге бір нәрсені жасағаныңызды түсіну, оны қалай жасау керектігін білуден гөрі маңызды.

Пит Холл мен Алиса Симералдың оқу құралы оқытушы ретінде сіздің ойлау деңгейіңізді тереңдетіп, нағыз қабілеттілігіңізді анықтауға пайдалы болмақ. Авторлар тренерлер мен әкімшілерге ең жақсы сатылатын «Табысты оқытуға арналған Сіздің әлеуетіңізді құру» атты еңбегінде үздіксіз өзін-өзі бағалау үдерісін қайта жобалауды ұсынып, оқытушылардың кәсіби жетілуіне жауапты болуына ынталандырады.

Кітап беттерінен кәсіби тәжірибиеде өзін-өзі бағалауды жақсарту үшін арнайы құралдарды таба аласыз, оның ішінде «үздіксіз өзін-өзі бағалау» және «рефлексивті айналым» үдерістері. Өзіндік рефлексия әрекеттеріңізді бағалап, нұсқаулықтарыңызды бағалау мүмкіндіктерін анықтай аласыз және бұл үздіксіз өсу мен білімнің жетілуінің бастамасы болады.

Достармен бөлісу