Дуглас Фишер және Нэнси Фрей
Мұғалімдер оқушыларына шын мәнінде қажет білімді беріп жатқандығына қалай сенімді бола алады? Дуглас Фишер және Нэнси Фрейдің «Мақсатқа бағытталған сынып: Оқу мақсаттарын қалай сабақтастыруға болады» әдістемелік құралы барлық деңгейдегі мұғалімдер оқушылардың әр сабақтың мақсатын нақты түсінуін қамтамасыз ету үшін қолдана алатын түрлі стратегияларды ұсынады. Авторлар мұғалімдерге көмек болатын кезеңдерге бөлінген нұсқаулар береді
- Оқушылардың ақпаратты дұрыс қабылдануына бағыттап стандарттар, мақсаттар мен міндеттердің айырмашылығын түсіну.
- Оқушыларды әр сабақтың мақсатын түсінуге және білуге тарту.
- Оқу мазмұның оқушылардың өміріне маңыздылығын оқушыларды ынталандыру арқылы түсіндіру.
- Оқушыларға сабақ мазмұнын жетік меңгеруді және сабақтың негізгі мақсатын түсінуді көрсетуге мүмкіндік беретін сыныптағы іс-әрекеттерді және бағалау процессін жетілдіру.
Сабақ жоспарларын құрудан бастап оқушының жұмысын бағалауға дейін сабақтың дамуы мен орындалуының барлық аспектілері осы бейнелі және практикалық кітапта қарастырылады. Сабақтың деңгейлері мен мазмұны бойынша тиімді мақсаттар, тапсырмалар мен сынақтардың нақты мысалдарына толы, «Мақсатқа бағытталған сынып» өз оқушыларының нені оқып жатқанын және не үшін екенін нақты түсінгісі келетін барлық мұғалімдер үшін маңызды құрал болып табылады.