Балабақшадағы білікті педагогпен жарқын болашақ қалыптасады
ustaz.kids ұсынатын курстар, семинарлар мен бағдарламалар мектепке дейінгі ұйымдардың өсуі мен жаңаруына бағытталған маңызды қадам
500+
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби білім мен дағдыларын арттыру
20+
Мектепке дейінгі ұйымның басқару процестерін қолдау
ustaz.kids туралы
USTAZ KIDS ұсынатын курстар, семинарлар мен бағдарламалар – бұл мектепке дейінгі ұйымдардың даму жолындағы басты қадам. Біз семинарлар, тренингтер, мониторинг пен кеңес беру қызметтері арқылы балабақшаның басшысынан бастап әрбір педагогінің дамуына қолдау көрсетеміз.
Біз балабақшадағы педагогтердің біліктілігін арттырып, балалардың жарқын болашағы үшін тәрбие мен білім беру жолында бағыт-бағдар беруді мақсат етеміз.
Неліктен біз ?
20+
Мектепке дейінгі ұйымның басқару процестерін қолдау
65+
Республика бойынша ондаған аймақтың мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған семинарлар мен тренингтер
300+
Мектепке дейінгі ұйым басшылары мен  әдіскерлерінің басқару құзыреттігін арттыру
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби білім мен дағдыларын арттыру
500+
Гулимжан Мырзабекова
Методист-тренер
Алмагүл Матан
Бас директор ustaz.kids
Тренер-оқытушы
Аманова Алтын
Фариза Кузенбаева
Академиялық директор ustaz.kids
Гүлнұр Дайрабаева
Методист-тренер
Команда
Біздің бағыттар
Оффлайн семинарлар
Республика көлемінде әр облыста балабақша педагогтерінің кәсіби құзыреттігін арттыру мақсатында семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізу жолға қойылған. Тренерлердің дайын бағдарламаларынан бөлек, білім беру ұйымдары тарапынан сұраныстар да қамтылады.
Оффлайн семинар
Оффлайн семинарлар күнтізбесі
ТақырыбыӨткізілу күніУақытыӨтетін орныБағасыТіркелу
Тәрбиешілерге арналған жаңа тәжірибе: Кәсіби шеберлікті арттыру08-09.02.2025 ж.9:00-18:00Атырау қ.15000 тг/күнтіркелу
Тәрбиешілерге арналған жаңа тәжірибе: Кәсіби шеберлікті арттыру15-16.02.2025 ж.9:00-18:00Астана қ.15000 тг/күнтіркелу
Тәрбиешілерге арналған жаңа тәжірибе: Кәсіби шеберлікті арттыру15-16.02.2025 ж.9:00-18:00Алматы қ.15000 тг/күнтіркелу
Онлайн-курс
өтудің нұсқаулығы
Біліктілікті арттыру курсын Ustaz.pro Academy платформасында калай өтуге болады?
Нұсқаулықты жүкте!
Онлайн курс
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен бекітілген асинхронды форматтағы курстар.
Кез келген уақытта өтіңіз — үйде, жұмыста немесе жолда.
Мектепке дейінгі балаларға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны пайдалану
Бұл курс балалардың дамуына қолайлы кеңістік құруға арналған. Қатысушылар дамытушы ортаның бала шығармашылығы мен ойлау қабілетіне әсерін үйреніп, ойын аймақтары мен сенсорлық құралдардың маңызын түсінеді.
Шағын курста кеңістікті қауіпсіз және қызықты етіп ұйымдастыру әдістері көрсетіледі. Қатысушылар кеңістікті жоспарлау мен балалардың белсенділігін арттыру тәсілдерін меңгереді. Практикада дамытушы орта құрып, материалдарды орналастыруды тәжірибеде қолданады.
Жақында
Тәрбие мен білім берудің сапасы мен мазмұнын ойын арқылы дамыту
Курста білім беру сапасын ойын арқылы арттыруға арналған. Қатысушылар ойынның балалардың танымдық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуына әсерін үйренеді және ойын түрлерімен танысады.
Курста білім беру сапасын ойын арқылы арттыруға арналған. Қатысушылар ойынның балалардың танымдық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуына әсерін үйренеді және ойын түрлерімен танысады.
Жақында
Педагогтің ата-анамен қарым-қатынасы
Бұл курс педагогтердің ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнатуына бағытталған. Қатысушылар ата-анамен байланыс орнатудың маңызын және оның бала дамуына әсерін түсінеді.
Курста жеке кездесулер, топтық жиналыстар және мессенджерлер арқылы байланыс құру әдістері қарастырылады. Сондай-ақ, ата-аналардың бала білім алуына белсенді қатысуын ынталандыру және конфликтілік жағдайларды шешу тәсілдері талқыланады.
Жақында
Мектеп жасына дейінгі балаларға STEAM жобалар
Бұл курс мектеп жасына дейінгі балаларға арналған STEAM жобаларын ұйымдастыруға арналған. Қатысушылар STEAM (Ғылым, Технология, Инженерия, Өнер, Математика) бағыттарының әрқайсысының балалардың танымдық қызығушылығын, шығармашылығын және логикалық ойлауын дамытудағы рөлін түсінеді.
Курста балаларды ғылым мен техника негіздерімен қарапайым, қызықты тәсілдер арқылы таныстыру және тәжірибелік тапсырмалармен зерттеу ынтасын ояту әдістері қарастырылады.
Жақында
Подкаст
Тәрбие мен білім берудің сапасы мен мазмұнын ойын арқылы дамыту
Бүгінгі подкастта біз ойынның көмегімен тәрбие мен білім беру сапасын және мазмұнын қалай жақсартуға болатыны туралы сөйлесеміз. Ойын баланың табиғи дамуына қаншалықты әсер ететінін және тәрбиешілер мен педагогтар үшін қандай мүмкіндіктер ашатынын қарастырамыз.
Спикер: Адамова Манара Елекенқызы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры
Ашық оферта келісім шарты
Құпиялық саясаты
info@ustaz.pro
Астана, Рақымжан Қошқарбаев, 11/2