Қазақстандағы мұғалімдердің дамуына көмектесетін ең жақсы мүмкіндіктер
USTAZ PRO – қазақстандық мектептің даму векторын таңдауға көмектесетін навигатор. Біз ұсынатын курстар, бағдарламалар мен консалтинг қызметі тиімді білім беру ұйымдарын құруға бағытталған.
Қазақстандағы мұғалімдердің дамуына көмектесетін ең жақсы мүмкіндіктер
USTAZ PRO – қазақстандық мектептің даму векторын таңдауға көмектесетін навигатор. Біз ұсынатын курстар, бағдарламалар мен консалтинг қызметі тиімді білім беру ұйымдарын құруға бағытталған.
БІЗДІҢ КУРСТАР
Біліктікті арттыру курсының әр бағдарламасы 36 немесе 72 академиялық сағаттан тұрады.

Біздің ұйым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген педагогтердің біліктігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізіміне енген (31.01.2023 ж.).
БІЗДІҢ БАҒЫТТАР
Бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық кәсіптік оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
XXI ғасыр оқушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқыту машықтары мен әдістерін жетілдіруге ұмтылатын бастауыш мұғалімдеріне арналған курс. Курс мұғалім құзыретін дамытып, қызықты сабақ құру арқылы оқушылардың эмоциялық, логикалық және физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді. Қатысушылар оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп, ізденуіне көбірек мүмкіндіктер бере отырып, ойластырылған нұсқаулықтарды қолдануды үйренеді. Сыныпты басқару машықтарын дамытуға да ерекше көңіл бөлініп, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері қамтылады. Курс арқылы мұғалімдер оқушыларға тиімді ойлауды үйретіп, ынтасын арттырудың түрлі әдістерін зерттейді.

Заманауи мектеп директорларының басқару машықтары
Мектеп директорларына, оқу және тәрбие ісі бөлімінің меңгерушілеріне
Басшылар мен олардың орынбасарларына арналған курс олардың ұйымдастыру және басқару қызметін, көшбасшы ретіндегі рөлін қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Курс аясында қатысушылар мектептің инновациялық дамуындағы негізгі аспектілермен танысып, тиімді кездесулер өткізуді және өкілдік негізінде басқару шешімдерін қолдануды үйренеді. Курстың соңында тыңдаушылар өзінің жеке тиімділігін арттырып, білім беру ұйымдарын дамытудың озық әдістерін қолдана алады.
Ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктігін арттыру курсы
Ағылшын тілі мұғалімдеріне
Оқыту ісінде және оқушылармен жұмыста барынша жақсы нәтижеге жетуге көмектесетін машықтарды үйрететін практикалық курс. Оның аясында коммуникативтік әдісте қолданылатын принциптер, мүмкіндіктер мен тәсілдер таныстырылатын болады. Оқушылардың түрлі жағдайда шет тілін дұрыс қолдана білу қабілеті мен дайындығы қарастырылады. Курс мұғалімдерге орта мектеп жағдайында ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудың негізгі міндеттерін шешуге арналған стратегияларды әзірлеуге көмектеседі. Сонымен қатар сыныпты басқару, оқушыларды ынталандыру және сабақты нәтижелі жобалап, өткізу сияқты тақырыптарды қамтиды.
Мемлекеттік емес тілде оқытатын сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілі мұғалімдеріне
Бұл дайындық курсы шет тілдерін TESOL, TEFL, CELTA принциптері бойынша оқытатын лингвист-мұғалімдер әзірлеген тиімді оқыту және жоспарлау әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді дамытуға бағытталған. Бағдарлама сабақты тиімді жоспарлау, рецептивтік және нәтижелі машықтарды үйрету, оқушыларды элиситация құралдарының көмегімен ынталандыру сияқты бөлімдерден тұрады. Бағдарламаның соңына қарай мұғалімдер сабақты ұйымдастыруға және өткізуге деген көзқарасын қайта ой елегінен өткізіп, тіл үйрену процесіне ойын элементтерін кіріктірудің түрлі әдіс-тәсілдерін үйренеді.
XXI ғасырдағы оқыту негіздері
Орта мектеп мұғалімдеріне, жоғары сынып мұғалімдеріне
Заманауи білім беру саласы қарқынды дамып жатқан әлемде кәсіби тиімдігін арттыруға ұмтылатын мұғалімдерге арналған кешенді білім беру курсы. Мұғалімдер заманауи тәсілдер мен әдістемелерді терең түсіну арқылы өзінің жеке оқыту философиясын қалыптастыра алады. Курс барысында мұғалімдер бағалаудың озық әдістерін, соның ішінде бағалау критерийлері мен рубрикаларын әзірлеуді үйренеді. Оқушылардың ата-анасымен, отбасымен тиімді өзара әрекеттестік орнату бойынша стратегия құруды меңгереді. Сонымен қатар қатысушыларға мектептегі зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу әдістері, сыныпта позитивті және қолдау көрсететін орта құру жолдары ұсынылатын болады. Курс аясында жасөспірімдердің мінез-құлқы, олардың мотивациясы мен ерекшеліктері түсіндіріледі.
XXI ғасырдағы оқыту машықтары
Орта мектеп мұғалімдеріне, жоғары сынып мұғалімдеріне
Оқыту мен оқу әдістемесін заманауи талаптарға сай терең меңгеруге ынталы ұстаздарға арналған инновациялық курс. Бағдарлама заманауи мектептегі оқу-тәрбие процесінің тиімді жүруіне қажетті тақырыптар мен әдістердің кең ауқымын қамтиды. Мұғалімдер адамның негізгі мінез-құлық ерекшеліктері мен олардың шешім қабылдауға қалай ықпал ететінін зерттейді. Сыни ойлау машығын және оны оқу ортасында қолдануды үйренеді. Қатысушылар үй тапсырмасын бөлу және орындаудың жаңа тәсілдерін әзірлейді. Сонымен қатар оқуда артта қалып қойған оқушыларға көмектесу, әр оқушыға жеке көңіл бөлу және оқу процесін дербестендіру стратегиялары қамтылады.