Біз Қазақстандағы алғашқы инновациялық мектептердің бірі – Білім-Инновация лицейлерінде ынталы, өз ісін жақсы көретін ұстаздардың жұмысын бақыладық.
Олар білім арқылы әлемді қалай өзгертуге болатынын көрсетті. БИЛ түлектері есейіп, мұғалімдік жолды таңдап, үлкен қалалар мен алыс ауылдарда сабақ бере бастады.
Бірізді жұмыстан шаршаған кездері болса да, олар әркез мектепті жақсартудың және балалардың білімге деген құштарлығын арттырудың жаңа тәсілдерін іздеумен болды.
Біз USTAZ PRO-ны мұғалімдерге өз білімі мен машығын жетілдіруге көмектесу мақсатында құрдық. Өйткені сол арқылы олар балаларды жігерлендіретінін білеміз.