USTAZ PRO – бізбен бірге
мұғалімдер дамып, мектептер өзгереді
USTAZ PRO – қазақстандық білім беру компаниясы. Біздің кәсіптік оқыту орталығы мектеп, колледж, университет әкімшілігі мен оқытушыларға арналған жүйелі қолдау және дамыту қызметтерін ұсынады.
USTAZ PRO – бізбен бірге мұғалімдер дамып, мектептер өзгереді
USTAZ PRO – қазақстандық білім беру компаниясы. Біздің кәсіптік оқыту орталығы мектеп, колледж, университет әкімшілігі мен оқытушыларға арналған жүйелі қолдау және дамыту қызметтерін ұсынады.
МЕКТЕПТЕРГЕ ЖЕКЕ
ТАБЫС ФОРМУЛАСЫН ТАБУҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ
Заманауи мектеп қандай болуы керек деген сұраққа әр маманның өз жауабы бар. Біз де көп жыл бойы сабақ бердік, содан кейін білім беру әдістемелерін әзірледік.

Бұл жолда біз мұғалімдерді қолдау идеясының маңызын түсініп, балалардың өсіп-өнуіне, машығын шыңдап, білім алуына ыңғайлы болатын мінсіз жағдай жасаудың қажет екенін ұғындық.

Біздің ойымызша, мектептің өсу нүктесі – ынталы және мақсаты айқын мұғалімдер.

Және біз әрбір ұстаздың әлеуетін 100 пайыз ашудың сырын білеміз. USTAZ PRO – әрбір мектепке арналған білім берудің озық шешімдері!
USTAZ PRO артықшылықтары
USTAZ PRO Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген педагогтердің біліктігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізіміне енген (31.01.2023 ж.)
мықты әрі озық команда
білім беру өнімдерінің көптеген түрі
жекелеген тәсіл және консалтинг
PBL, TESOL, Flipped classroom озық тәжірибесін пайдалану
оқытудың ыңғайлы форматтары
үш тілде оқыту
курстан кейінгі қолдау
сертификат табыстау
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАҢА ФОРМАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ
Біз Қазақстандағы алғашқы инновациялық мектептердің бірі – қазақ-түрік лицейлерінде ынталы, өз ісін жақсы көретін ұстаздардың жұмысын бақыладық.

Олар білім арқылы әлемді қалай өзгертуге болатынын көрсетті. ҚТЛ түлектері есейіп, мұғалімдік жолды таңдап, үлкен қалалар мен алыс ауылдарда сабақ бере бастады.

Бірізді жұмыстан шаршаған кездері болса да, олар әркез мектепті жақсартудың және балалардың білімге деген құштарлығын арттырудың жаңа тәсілдерін іздеумен болды.

Біз USTAZ PRO-ны мұғалімдерге өз білімі мен машығын жетілдіруге көмектесу мақсатында құрдық. Өйткені сол арқылы олар балаларды жігерлендіретінін білеміз.
USTAZ PRO-ның құрылу тарихы
USTAZ PRO – бізбен бірге балалар армандайтын ұстазға айнал!
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕР
Қазақстан мектептері USTAZ PRO бағдарламалары бойынша біліктікті арттыру курстарын өтті,
еліміздің +3000 мұғалімі қамтылды
350+
бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш сынып мұғалімін инновациялық кәсіптік оқыту
әдістемесі» курсын өтті
800+
«Бiлiм-Инновация» лицейлері (ҚТЛ) жыл сайын USTAZ PRO-ның әртүрлі бағдарламалары бойынша
біліктікті арттыру курстарын өтеді
40+
ағылшын тілі мұғалімі ауызша сөйлеу машығын жетілдіру және TESOL, CELTA, TKT
принциптері бойынша оқыту әдістерін меңгеру курстарын өтті
400+
БІЗДІҢ КУРСТАР
USTAS PRO — жаңашыл мұғалімдерді біріктірген заманауи оқу орталығы.

Біз алдыңғы қатарлы елдердің жаңа білім беру технологияларын енгізу тәжірибесін зерттеп, оны мұғалімдерге арналған курстарымыз арқылы Қазақстанда таратамыз.
Әлемнің үздік тәжірибесімен біздің практикамыз арқылы танысыңыз
Орталықта біз
«Білім-Инновация» қорына қарасты мектептер негізінде пилоттық жобаларды енгіземіз
1
мемлекет енгізген жаңашылдықтар мен жаңа білім беру бағдарламаларына сараптама жасаймыз
2
мемлекеттік және басқа да мектептер ұсынатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін бағалау бойынша зерттеу жүргіземіз
3
USTAZ PRO КУРСТАРЫНАН КЕЙІНГІ МЕКТЕП КӨРСЕТКІШІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Пікірлер
№91 мектеп-гимназиясы, Астана
«Ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктігін арттыру курсы мен үшін трансформациялық сипатқа ие болды. Оқыту процесінде тәжірибеге негізделген тәсіл қолданылды: алынған білімді біз дереу микрооқыту (microteaching) түрінде практикада қолдандық. Мұғалімдермен кері байланыс материалды игеруге айтарлықтай ықпал етті. Курста ұсынылған әдістер толықтай зерттеулерге негізделген және әр тақырып келесі тақырыппен байланысып, ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері жан-жақты түсіндірілді. Курс маған Inductive Approach тәсілін түсінуге мүмкіндік берді, осылайша мен сабақты жоспарлау кезінде оқушылардың шоғырлануына ерекше назар аудара бастадым. Оқушылар сабақта осы әдісті қолдана отырып, өз бетінше жауап таба білді, ал мен фасилитатор ретінде әрекет еттім. Осындай керемет курс үшін тренерлерге алғыс айтқым келеді және әріптестеріме қатысуға кеңес беремін».
Фариза Әбдіқалық
Дарынды балаларға арналған BIL, Шымкент қаласы
«Ағылшын тілін оқыту әдістемесі жайлы курсқа қатысты өз пікірімді білдіргім келеді. Мазмұны керемет: оқу мақсаттарын қоюдан бастап сабақтарды талдауға дейін толықтай қамтылған. Оқыту машықтарымды шыңдап, әріптестер мен тренерден бірден фидбэк алудың тамаша мүмкіндігі болды. Трендтегі ең-ең дейтін әдіс-тәсілдерді меңгеріп, ағылшын тілімізді дамыттық, кәсіби базамызды жаңарттық. Атмосфера да өте жағымды болды: жаттықтырушы мен әріптестер курстың барлық кезеңінде позитивті көңіл-күй сыйлай білді. Жастармен бір бағытта келе жатқанымды сезініп, өзіме де көңілім толды . Егер сізде осы курсқа қатысу мүмкіндігі болса – go for it!».
Сәуле Қуатова
«Мен оқыту әдістемесі бойынша көптеген курстардан өттім, бірақ сіздер ұсынған курс ең жүйелі екеніне көзім жетті. Курстың бағдарламасы көңілге қонымды: оқу барысы әдістеменің негізгі ұғымдарынан басталып, одан соң әр машық егжей-тегжейлі қарастырылды. Теориялық бөлімнен кейін бірден кері байланысы бар практика өтті, сол арқылы барлық әдістерді оқу процесінде қолдануға мүмкіндік алдық. Курстан кейін мұғалімдер сабақты әдістемелік тұрғыда қалай дұрыс жоспарлау керегін және практикада оқу процесін жақсарту үшін қандай әдістерді қолдану қажет екенін нақты түсінеді. Курс ұқсас тақырыптарды қарастыратын CELTA Cambridge-ден еш кем түспейді. Аудандардағы барлық мұғалім осы курстан өтсе тамаша болар еді».
Astana Garden School мұғалімі
Малика Хамзинова
БИЛ мұғалімі, Петропавл
«Ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктігін арттыру курсы кәсіби дамуыма зор мүмкіндік берді: сабақтың мақсаттарын қалыптасырудан бастап, әр тапсырманы кезең-кезеңімен жоспарлауға дейін білімімді арттырдым. Курста ағылшын тілі сабағына қажет барлық машықтар мен жұмыс әдістері қамтылды, әсіресе коммуникативтік әдістеме ескерілді. Сонымен қатар курс тек жас мұғалімдерге емес, тәжірибелі мұғалімдер үшін де пайдалы болды. Курстағы атмосфера тәжірибе алмасуға қолайлы және жағымды болды, қолдауды сезіндім. Тренер мен әріптестер өз білгенін барынша бөлісіп, құнды кері байланыс берді. Мен бұл курсты бәріне ұсынамын. Мұғалімдер қауымдастығының дамуына бірге үлес қосайық!».
Шнар Токишева
InterPress International House мұғалімі, Астана
«USTAZ PRO курсы мен үшін нағыз жаңалық болды! Бірінші күннен бастап мені тренердің кәсібилігі мен шығармашыл тәсілі қатты таң қалдырды. Оқыту саласындағы заманауи әдістемелердің, инновациялық тәсілдер мен тиімді стратегиялардың кең ауқымын қамтығанына қайран қалдым. Ал ең бастысы – тренер бәрімізді шабыттандырып, шығармашыл мұғалімдер ортасын құра алды. Қысқа уақыт ішінде біз өз білімімізді жетілдіріп, оқытушылық машықтарымызды арттырып қана қоймай, көптеген жаңа жұмыс әдісін игере алдық. Бұл шынымен ерекше тәжірибе болды! Сонымен қатар бұл әдістер оқушылардың оқу материалын игеруін едәуір жақсартып, тілдік машықтарын икемді ете түсті. Сыныптағы тұлғааралық қарым-қатынасқа да оң әсер етіп, ұжымдардың бірігуіне ықпалын тигізді. Менің кәсіби машықтарымды дамытуға күшті серпін берген осындай жемісті оқу тәжірибесі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Егер сіз біліміңізді халықаралық деңгейде жетілдіргіңіз келсе, бұл курстар ең жақсы таңдау болмақ».
Елена Боева
USTAZ PRO БАҚ-та
БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЫЗҒА ҚОСЫЛ
Қоғам болып мұғалімдерді дамудың қозғалтқыш күші және ғылыми ойды таратушы ретінде қабылдайтын кез келді. USTAZ PRO курстары мен әдістері қазақстандық заманауи мұғалімнің бейнесін қалыптастыруға бағытталған. Бізді мектептерді сөз жүзінде емес, іс жүзінде жаңашыл және заманауи етсек деген ниет біріктіреді. Біз мұғалімдердің мынаны түсінгенін қалаймыз: олар – қоғамды дамытатын қозғалтқыш күш және ғылыми ойды таратушы. Балалардың талпынысы мен болашақ жетістіктерін қолдау миссиясы – мұғалімдерің қолында.
Біз әр мұғалімнің бала мен білім арасындағы делдал ғана емес, шығармашыл, жасампаз және еркін тұлға екеніне сенеміз.
USTAZ PRO КОМАНДАСЫ
Ержан Аубакиров
«Білім-Инновация» халықаралық қорының бірінші вице-президенті
Орта білім беру ұйымдарында 20 жылдан астам еңбек еткен педагог-зерттеуші. Әр жылдары «Білім-Инновация» мектептерінде, сонымен қатар NURORDA халықаралық мектебінде басшылық қызмет атқарған.
Рамиль Кабдуалиев
USTAZ PRO бас директоры
Ағылшын тілі мұғалімі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистрі. Әр жылдары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарында қызмет еткен. Ағылшын тілін оқыту және әдістемесі, пәндердің жалпы әдістемесі бойынша 15-тен астам әртүрлі бағдарлама мен мектеп басшыларына арналған курстардың авторы.
Нұрлан Иманғалиев
USTAZ PRO академиялық директоры
Ағылшын тілі мұғалімі, педагогика оқытушысы, білім беру саласын зерттеуші. Білім берудегі көшбасшылық бойынша магистр дәрежесіне ие, орта білім беру саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. 2012 жылы Нұрлан Иманғалиев Қазақстанда алғаш болып Apple Distinguished Educator мәртебесін иеленген оқытушы-тренер атанған болатын.
Алтын Аманова
USTAZ PRO
тренер-оқытушысы
Семей педагогикалық институтынын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 20 жылдан астам тәжірибесі бар педагог-зерттеуші. «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған Республикалық ашық бейнесабақтар байқауының жеңімпазы.
Жұлдыз Саламатова
USTAZ PRO зерттеулер және әзірлемелер бөлімі басшысы
Назарбаев Университетінде көптілді білім беру (Master in Multilingual Education) саласы бойынша магистр дәрежесін алған. Барселонада орналасқан Europass academy-де Social and emotional learning бойынша білімін жетілдірген.
Алина Аманкеш
USTAZ PRO әдіскері және тренері
Инновациялық Еуразия университетінің түлегі. Әр жылдары Петропавл, Тараз, Павлодар қалаларындағы мектептерде мұғалім, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Сегіз жылдан астам тәжірибесі бар педагог-зерттеуші. География ғылымдарының магистрі.
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР